Қилы заманда қаһарман болу қиын. Бөтеннің әскери киімін киіп, өз халқын ілім-білімге бастау одан да ауыр. Тұтас XIX ғасыр ұлан-ғайыр даладағы ірі өзгерістермен ерекшеленді. Ақсүйек әрі хан тұқымының өкілі. Әскери барлаушы һәм дарынды оқымысты. Бірде самғап, бірде құлап, ақыр соңында қайғымен аяқталған, жасындай жарқ еткен ғұмыр. Ол өмірдегі орнын табуға тырысты. Қазір оның халқы өткенін безбендеп жатыр. Білім мен еңбектің дара жол екенін жан-тәнімен дәлелдегісі келді. Оның ерен еңбегі бірнеше адамның өміріне жетерліктей. Алайда маңдайына жазылғаны 30-ақ жыл. Орыс армиясының офицері болғанымен, империяға бітім-болмысымен бөтен еді. Шыңғыс ханның ұрпағы. Бірақ нағыз қазақ – Shoqan Yalihanov.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов